15 сәуір 2015 | 16:59

Қазақстанда бір аудан мен бір қалаға жемқорлықтан ада аймақ мәртебесі берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  ШҚО Ақпараттық орталығы © ШҚО Ақпараттық орталығы

Қазақстанда бір аудан мен бір қалаға жемқорлықтан ада аймақ мәртебесі берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бір аудан мен бір қалаға жемқорлықтан ада аймақ мәртебесі берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданы мен Курчатов қаласын жемқорлықтан ада аймақ деп жариялау жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл құжат мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті және "Нұр Отан" партиясының ШҚОФ-ы мен Абай ауданы мен Курчатов қаласының әкімдігі арасында бекітілді.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл құжат жемқорлыққа қарсы нақты іске көшуге міндеттейді. "Елбасының тапсырмасы аясында алдағы белестерді бағындыру үшін қол қойылған меморандум бізді жемқорлыққа қарсы нақты іске көшуге міндеттейді. Меморандум арқылы біз жемқорлықпен күресті жан-жақты жүргізетін боламыз", - деді әкім меморандумға қол қою рәсімінде.

Ал өз кезегінде департамент басшысы Ғалымбек Досанов меморандумды жүзеге асыру үшін аталған өңірлермен бірлескен шаралар жоспары әзірленетінін айтып өтті.

"Департаменттің ең бірінші міндеттерінің бірі - жемқорлықтың алдын-алу. Абай ауданы мен Курчатов қаласының әкімдіктері мен қоғамдық ұйымдарымының белсенділігін біз бірден қолдадық. Айта кету керек, Абай өңірі республикаға әйгілі рухани ордамыз десек, Курчатов қаласы бүгінгі таңда ғылымы дамыған бірегей қала. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы арнайы жоспар құрып, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Досанов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети