22 ақпан 2014 | 12:26

Қазақстанда бір тәулікте 350 адам қар құрсауында қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы құтқару жұмыстары. ©emer.gov.kz Қостанай облысындағы құтқару жұмыстары. ©emer.gov.kz

2014 жылдың 21 ақпанында Қазақстан бойынша шамамен 350 адам қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Олардың 246-сы, оның ішінде 11 бала әзірге құтқарылған. Сондай-ақ қалың қарда жолда қалған 48 техника шығарылған. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Алматы обылысында көктайғақ салдарынан 25 көліктегі 96 адам жолда қалып қойды. Құтқарушылар шұғыл жұмыс жасап жатыр. Келеңсіз жағдай Сарыөзек-Көктал" және Алтын-Эмель ауылдарында орын алған. Құтқарушылар 66 адам мен 21 көлікті құтқарып үлгерді. Боранға байланысты дәл осы уақытта Сарыөзек-Көктал жолдары жабық. Ақтөбе облысында 14 ақпанда жолаушылар қар құрсауында қала бастаған. Бірінші жағдай Хромтау қаласыныцң маңында орын алды. Ал соңғы жол оқиғасы "Қарабұтақ-Комсомол" автожолында болды. Барлық адамдар мен техника қар құрсауынан шығарылды. Бір адамға дәрігерлік көмек керек. Аймақтағы ауа-райының қолайсыздығынан "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" , Қандыағаш-Шалқар, "Актөбе-Ресей шекарасы" және "Актөбе-Атырау-Ресей шекарасы", Шұбарқұдық-Атырау облысының шекарасы толығымен жабық. Қызылорда обылысында тілсіз жау құрсауынан 65 адам құтқарылды Қарағанды обылысында келеңсіз жағдай "Ақсу-Аюлы-Ақадыр" және "Алматы-Екатеринбург" тас жолдарында орын алды. 4 жүк көлігі мен автобус жол шетіне шығып кетті. Үш шақырымдай қашықтықта көлік кептелісі орын алды. Костанай облысының "Жезқазған-Петропавловск" жолында, Сәтпаев шекара аумағында кушті боран салдарынан жургізушілерге жолға шығуға тыйым салынды. Қостанай облысында, Ақмола обылысымен шекаралас Арқалық аймағына жолаушылардың жолға шықпауы ескертілді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети