Қазақстанда біріккен зейнетақы аннуитеті енгізіледі

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда біріккен зейнетақы аннуитеті енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда біріккен зейнетақы аннуитеті енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

"Біріккен аннуитет зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Егер жұптардың біреуінде зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинағы жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық қалса, біріккен зейнетақы аннуитеті олардың екеуіне де өмір бойы төлем алуға мүмкіндік береді", - деді Мәдина Әбілқасымова.

Зейнетақы аннуитеті - жинақ мөлшері жеткілікті болған жағдайда зейнетақыны ресми зейнетақы жасынан ерте алу мүмкіндігі.

Қазір Қазақстанда ерлер үшін зейнетақы жасы - 63, 2021 жылы әйелдер үшін - 60 жаc, 2022 жылы - 60 жастан асқанда басталады және 63 жасқа толғанша жыл сайын 2027 жылға дейін 6 айға артып отырады. Сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерді ерлер 55 жастан бастап ала алады, 2021 жылы 55 жастағы ер адам үшін зейнетақы аннуитетін алу үшін жеткілікті сома 6,7 миллион теңге болды. Ал әйелдерге 52 жастан бастап, 2021 жылы 52 жастағы әйел үшін зейнетақы аннуитетінің құны 9 миллион теңге болды. Биылдан бастап зейнетақы аннуитеті айтарлықтай арзандады. 2020 жылы ерлердегі жинақ 11,3 миллион теңге, ал әйелдер үшін 15,5 миллион теңге болуы тиіс еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro