03 сәуір 2024 | 09:11

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 3 сәуірде елдің 12 өңірінде найзағай ойнап, жауын-шашын болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 3 сәуірде елдің 12 өңірінде найзағай ойнап, жауын-шашын болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және танертең облыстың солтүстігінде, орталығында, батысында тұман түседі.

Алматы облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте күндіз найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети