Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазгидромет сәрсенбі, 18 қыркүйекте Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет сәрсенбі, 18 қыркүйекте Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз екпіні секундына 9-14 метр.

Алматы облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын болады.

Жетісу облысының оңтүстік жартысында таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстік-шығысында және батысында екпіні 15-20, түнде Алакөл айдынында секундына 23-28 метрге жетеді.

Түнде солтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 7-12 метр.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде түнде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, орталықта екпіні секундына 15-20 метр.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro