Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірде температура 2 градусқа төмендеп, түнде үсік жүреді, ал кей өңірде өрт қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірде температура 2 градусқа төмендеп, түнде үсік жүреді, ал кей өңірде өрт қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде -2 градус суық болады, үсік жүреді. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.
Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!