27 маусым, жұмада Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі. "Қазгидромет" синоптиктері мәліметінше, бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Сонымен қатар, еліміздің оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана – құбылмалы бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай. Жел – солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +21…+23.
Алматы – құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел – батыстан, 3–8 м/с, екпіні 14 м/с. Температура түнде +17…+19, күндіз +26…+28.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +32…+34.
Ақтау – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел – оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, 5–10 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +25…+27.
Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел – оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +13…+15, күндіз +21…+23.
Атырау – құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +19…+21, күндіз +26…+28.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 3–8 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +28…+30.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел – солтүстік-батыстан, батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +19…+21.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +23…+25.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай. Жел – батыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с. Температура түнде +17…+19, күндіз +28…+30.
Қостанай – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел – оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 7–12 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +11…+13, күндіз +26…+28.
Қызылорда – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 7–12 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +32…+34.
Павлодар – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел – солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +11…+13, күндіз +22…+24.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – түнде оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с. Температура түнде +11…+13, күндіз +23…+25.
Семей – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел – солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +15…+17, күндіз +23…+25.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 5–10 м/с, екпіні 14 м/с дейін. Температура түнде +15…+17, күндіз +29…+31.
Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +17…+19, күндіз +28…+30.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +17…+19, күндіз +33…+35.
Орал – бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей кезде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +14…+16, күндіз +19…+21.
Өскемен – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел – солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с, екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +16…+18, күндіз +26…+28.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!