Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда жайлы көктемгі ауа райы болады деп болжайды. 19 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталып, температура одан әрі көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан оғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 13-15 градус жылы. Іле-Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 16-18 градус жылы.
Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған тұман. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 8 градус аяз, күндіз 13-18, облыстың таулы аудандарында 3-8 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, облыстың таулы аудандарында 9 градус аяз, күндіз 11-16, облыстың таулы аудандарында 5 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.
Түркістан облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда тұман. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 15-20 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 7-12 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 3-8, облыстың батысында, оңтүстігінде 13 градус жылы. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысында 3 градус аяз, күндіз 10-15 градус жылы. Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 12-14 градус жылы.
Маңғыстау облысы - түнде облыстың батысында, орталығында аздаған жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 0 градус, күндіз 13-18, облыстың солтүстік-батысында 10 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 8 градус аяз, күндіз 3-8, облыстың батысында, оңтүстігінде 12 градус жылы. Ақтөбе - ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, төменгі боран, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың оңтүстігінде 11 градус аяз, күндіз 1-6, облыстың батысында 9 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар, жаяу боран, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Павлодар облысы - таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 13, облыстың оңтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1 аяз бен 1 жылы аралығында.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 7-12, облыстың шығысында 3 градус жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде аздаған қар, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 15-20 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы, облыстың шығысында 4 градус аяз. Өскемен - бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел солтүстік-батыстан 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Абай облысы - облыстың солтүстігінде түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың шығысында 10 градус аяз, күндіз 1-6, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы. Семей - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2 аяз бен 3 жылы аралығында, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 11 градус жылы. Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 16-18 градус жылы.
Жамбыл облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 5 градус аяз, күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 7 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.