Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орман өртінен қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орман өртінен қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
11 маусымда Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдің шығысындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүкіл қырғыз халқының атынан және жеке өз атымнан Қазақстанның шығысында болған орман өрттері салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Орны толмас қазаның азабы мен қасіретін бөлісе отырып, қаза болған қазақстандықтардың туыстары мен жақындарына шын жүректен қолдау білдіруіңізді және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін сұраймын", - делінген Қырғыз Республикасы Президентінің жеделхатында.
Бүгін Қазақстанда аза тұту күні. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев 11 маусымда қол қойды.
"Абай облысындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген құжат мәтінінде.
Елдегі барлық мемлекеттік ту аза тұту белгісі ретінде төмен түсірілді.
Еске сала кетейік, Абай облысында 60 мың гектар аумақтағы алапат орман өрті салдарынан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Новошульбі филиалындағы 14 қызметкері қаза тапқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!