ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2020 | 11:08
Қазақстанда бүгін COVID-19 анықталған науқастар туралы мәлімет шықты
Қазақстанда бүгін COVID-19 анықталған науқастар туралы мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда бүгін COVID-19 анықталған науқастар туралы мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысында вирус жұқтырғандар Целиноград ауданында тіркелді. Олар - 1977 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел адам және 2017 жылы туған ұл бала.
Олардың барлығы бір отбасының мүшелері және Қоянды кентінде COVID-19 зертханалық түрде анықталған адаммен жақын байланыста болған. Бұған дейін Жаңаесіл ауылындағы Агротехникалық колледж базасындағы карантиндік стационарға оқшауландырылған. Қазір Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылған.
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар - Жаңаөзен қаласының 1967, 1992 жылғы ер азаматары және 1968 жылғы азаматшасы. Барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Сонымен қатар Бейнеу ауданында 1987, 1999, 1967, 1959 жылғы азаматшалардан скрининг аясында коронавирус індеті анықталды.
Барлық науқастар белсенді түрде анықталды. 7 науқастың 2-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, 5-і скрининг шеңберінде анықталды.
Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.
Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны вирусты жұқтырған адаммен байланыста болғаны үшін карантинге жатқызылған, зертханалық талдау оның да коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. Онымен қарым-қатынаста болған тұлғалар карантинге жатқызылды.
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді.
Вирус жұқтырғандардың үшеуі де - Қызылорда қаласының 1962,1980, 1994 жылғы тұрғындары.
Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также