Қазақстанда бүгін COVID-19 анықталған науқастар туралы мәлімет шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бүгін COVID-19 анықталған науқастар туралы мәлімет шықты

Қазақстанда бүгін COVID-19 анықталған науқастар туралы мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда бүгін COVID-19 анықталған науқастар туралы мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында вирус жұқтырғандар Целиноград ауданында тіркелді. Олар - 1977 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел адам және 2017 жылы туған ұл бала.

Олардың барлығы бір отбасының мүшелері және Қоянды кентінде COVID-19 зертханалық түрде анықталған адаммен жақын байланыста болған. Бұған дейін Жаңаесіл ауылындағы Агротехникалық колледж базасындағы карантиндік стационарға оқшауландырылған. Қазір Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылған.

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар - Жаңаөзен қаласының 1967, 1992 жылғы ер азаматары және 1968 жылғы азаматшасы. Барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Сонымен қатар Бейнеу ауданында 1987, 1999, 1967, 1959 жылғы азаматшалардан скрининг аясында коронавирус індеті анықталды.

Барлық науқастар белсенді түрде анықталды. 7 науқастың 2-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, 5-і скрининг шеңберінде анықталды.

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.

Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны вирусты жұқтырған адаммен байланыста болғаны үшін карантинге жатқызылған, зертханалық талдау оның да коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. Онымен қарым-қатынаста болған тұлғалар карантинге жатқызылды.

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді.

Вирус жұқтырғандардың үшеуі де - Қызылорда қаласының 1962,1980, 1994 жылғы тұрғындары.

Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +31
Ақтау +27
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +30
П
Павлодар +27
Петропавл +34
С
Семей +35
Т
Талдықорған +32
Тараз +38
Түркістан +20
О
Орал +31
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер