Қазақстанда былтыр 4 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pexels.com © pexels.com

Бас прокуратура жақында таратқан мәлімет бойынша елімізде былтыр 3805 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының сюжетінде айтылады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура жақында таратқан мәлімет бойынша елімізде былтыр 3805 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының сюжетінде айтылады. 

Прокуратура мәліметінше, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 263 адамға көп.

Суицид мәселесімен айналысатын психиатр Екатерина Миронова қоғамда ешкімнің кәсіби маманға жүгінбейтінін айтады. Оның айтуынша, психотерапевтке бару  көпшілік үшін өзін дені сау емес деп есептеумен бірдей.

Ал Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың айтуынша, бұл мәселеде барлық кінәні ұстаздар мен психологтарға жабуға болмайды.

"Мен мектеп ұстаздары немесе психологтар дұрыс жұмыс істемейді немесе солардың кесірінен осындай жағдайлар болып жатыр деген уәжбен келіспеймін. Бұл қоғамның мәселесі. Әсіресе, отбасындағы мәселелер - көбіне 80 пайызында отбасындағы жағдай әсер етеді. Баласына деген сенімсіздік, балаға тым қатты талап қою, баламен сөйлеспеу, бала алдында ата-ана міндетін орындамау, достары арасында қысымға ұшырауы - осының барлығы әсер етеді", - дейді Рақымбек Жолаев.

Сюжеттегі сарапшылардың айтуынша, суицидтің алдын алу үшін білікті мамандармен жұмыс істеу қажет.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro