Қазақстанда былтыр қанша сәби дүниеге келді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда былтыр қанша сәби дүниеге келді? Фото:elements.envato.com

2022 жыл қорытындысы бойынша қай жерде ең көп сәби дүниеге келгені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жыл қорытындысы бойынша қай жерде ең көп сәби дүниеге келгені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Статистика агенттігінің мәліметінше, былтыр қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде 403 мың 500 сәби дүниеге келген.

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында – 58 117 бала, туу көрсеткіші бойынша екінші қала - Алматы, онда 36 134 сәби дүниеге келген.

Жаңа туған нәрестелер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы – 35 081 қазақстандық, ал елорда төртінші орында: Астанада 30 245 сәби дүниеге келген.

Халық саны ең көп өскен бес аймақты 31 784 жаңа туған нәресте тіркелген Шымкент жауып тұр.

2022 жылы туған балалар саны бойынша соңғы орында Ұлытау өңірі тұр, онда 4559 сәби дүниеге келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети