Қазақстанда Canva сервисі жұмыс істемей қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Canva сервисі жұмыс істемей қалды Фото:depositphotos.com / emre03

Қазақстанда Canva сервисі жұмыс істемей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Canva сервисі жұмыс істемей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар графикалық дизайн қосымшасының десктоп нұсқасы да, мобильді нұсқасы да қолжетімді емес екенін хабарлап жатыр.

Бұған downradar.ru сайтындағы деректер де дәлел. Сайт ақпаратына қарағанда, Canva демалыс күндерінен бері ашылмаған. Бұл ретте пайдаланушылар қызмет VPN арқылы жұмыс істейтінін атап өтті.

Бұл жаһандық немесе жергілікті ақау ма, әлі белгісіз. Алайда, ақау туралы хабарламалар тек Қазақстаннан ғана емес, Германия, Швеция, Өзбекстаннан да түсіп жатқаны белгілі болды.

"Біздің инженерлер мәселені шешу үшін жұмыс істейді және сіздерді хабардар етіп отырады. Жаңалықтарды Canvastatus.com сайтынан біле аласыздар. Шыдамдылық пен түсіністік үшін рақмет", - деп жазылған Canva-ның Instagram-дағы ресми парақшасындағы шағымдардға жауапта.

downradar.ru

Tengrinews.kz тілшісі цифрлық даму министрлігіне, сондай-ақ мәдениет және ақпарат министрлігіне ресми сұрау жіберді. ЦДИАӨМ сайттарды бұғаттаумен айналыспайтынын хабарлады. Сонымен қатар, ведомство олардың тарапынан Сanva.com ресурсына шағымдар жоқ екенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети