Қазақстанда 2019 жылы 1 қаңтардан бастап чипі бар техпасторттар пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Колеса" порталына сілтеме жасап.
Қазақстанда 2019 жылы 1 қаңтардан бастап чипі бар техпасторттар пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Колеса" порталына сілтеме жасап.
Заңнамадағы тиісті өзгерістерге Ішкі істер министрлігі дайындалып жатыр. ІІМ басшысының бұйрығы бойынша, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін дайындалып, берілген көлік құралын тіркеу туралы куәліктер көлік құралы қайта тіркелгенге дейін жарамды болып есептеледі. Жаңа техпаспорттар біртіндеп беріле бастайды. Нақты қалай беріле бастайтыны әзірше белгісіз.
Жаңа құжат айтарлықтай кішірек, оның көлемі өзгерген (шамамен 5.5-8.5 сантиметр). Енді оны әмиянға салуға да болады. Техпаспорттар қорғаныштың ультракүлгін элементтерімен және электронды микросхемамен жабдықталады, оған автокөлік тіркеуінің барлық мәліметтері жазылады. Атап айтқанда:
1. мемлекеттік тіркеудің номерлік белгісі;
2. куәліктің сериясы және тіркеу номері;
3. куәліктің берілген күні;
4. марка, модель;
5. көліктің шыққан жылы;
6. көліктің категориясы;
7. есептен шығарылғаны туралы белгі (бұрынғыдай кесілмейді, тескішпен тесіледі - Kolesa.kz);
8. идентификациялық номер (VIN);
9. жүктемесіз салмағы;
10. қозғалтқыш көлемі;
11. рұқсат етілген масса;
12. көліктің түсі;
13. көліктің иесі;
14. көлік иесінің тұрғылықты мекенжайы;
15. ерекше белгілер;
16. бірінші тіркелген күн;
17. көлікті қайта жабдықтау туралы мәлімет;
18. өзге мәліметтер.
Қажет болған жағдайда тізім өзгеріп, толығуы мүмкін.