Қазақстанда COVID-19 туралы ақпарат тарататын сайтқа 30 миллион теңге жұмсалған

Фото: elements.envato.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Coronavirus2020.kz сайтына 30 миллион теңге жұмсалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Coronavirus2020.kz сайтына 30 миллион теңге жұмсалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ онлайн-брифингінде журналистер министрге Coronavirus2020.kz сайты туралы сұрақ қойды.

"Осы вирустық инфекция шыққанда біздің халыққа және оқырмандарға осы бағытта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бір нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жасалды, оған Telegram-арна ашылды. Ондағы оқырмандар саны - 240 мың адам, бұл осы ресурстың өзектілігі мен танымалдығын көрсетеді.

Барлық ресурс оны негізінен вирустық инфекциямен күресуге қатысты мәселелер мен мемлекет қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алу үшін қолданғаны түсінікті. Осы сайтты сүйемелдеуге сома бойынша шамамен 30 миллион теңге  жұмсалды", - деді Балаева.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама