1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда COVID-19 туралы ақпарат тарататын сайтқа 30 миллион теңге жұмсалған 26 мамыр 2021, 17:20

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Coronavirus2020.kz сайтына 30 миллион теңге жұмсалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Coronavirus2020.kz сайтына 30 миллион теңге жұмсалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ онлайн-брифингінде журналистер министрге Coronavirus2020.kz сайты туралы сұрақ қойды.

"Осы вирустық инфекция шыққанда біздің халыққа және оқырмандарға осы бағытта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бір нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жасалды, оған Telegram-арна ашылды. Ондағы оқырмандар саны - 240 мың адам, бұл осы ресурстың өзектілігі мен танымалдығын көрсетеді.

Барлық ресурс оны негізінен вирустық инфекциямен күресуге қатысты мәселелер мен мемлекет қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алу үшін қолданғаны түсінікті. Осы сайтты сүйемелдеуге сома бойынша шамамен 30 миллион теңге  жұмсалды", - деді Балаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram