Қазақстанда дәрі-дәрмек 15 пайызға арзандады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дәрі-дәрмек 15 пайызға арзандады 24.kz

Қазақстанда кейінгі алты айда дәрі-дәрмек бағасы 15 пайыз арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейінгі алты айда дәрі-дәрмек бағасы 15 пайыз арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Сонымен қатар, ведомство бағаға бақылау әлсіресе, фармацевтикалық өнімдер бір бөлігінің құны қайта өсуі мүмкін екенін ескертті.

Тексерулер нәтижесіне сүйенсек, жыл басынан бері 13 кәсіпкер дәрілердің бағасын негізсіз көтерген. Жасанды түрде сұраныс туғызғаны үшін оларға жалпы сомасы шамамен 2,5 миллион теңге айыппұл салынған.

Қазір мемлекет 5 мыңнан аса атаудағы дәрі бағасын реттеп отыр. Ал нарықта жалпы саны 7 мыңға жуық фармацевтикалық өнім тіркелген.

"Бізде Dari KZ және NAQTY ONIM мобильді қосымшалары бар. Кез келген азамат дәрі сатып аларда қосымша арқылы оның шекті бағасын көре алады. Егер құны белгіленген мөлшерден асып кетсе, цифрлық жүйе арқылы өтініш беруге болады", - деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Дегенмен қазіh 2 мыңнан аса дәрі-дәрмек реттеуші органның бақылауынан тыс қалып отыр. Жақын арада бұл тізім айтарлықтай ұлғаюы мүмкін: жауапты органдар дәрілердің тағы бір бөлігін еркін нарықтық бағаға жіберуді жоспарлап отыр.

"Келесі жылдан бастап бағасы 1 АЕК-тен төмен препараттардың бағасын бекітпей, нарыққа жіберуді көздеп отырмыз. Бұл дегеніміз - тағы шамамен 2 мың дәрі бойынша біз бұйрықпен баға бекітпейміз", - деп мәлімдеді Бауыржан Жүсіпов.

Ведомствоның мәліметінше, импорттың үлесі әлі де жоғары болғандықтан, бағаны бір деңгейде ұстап тұру қиын. Бүгінде елде 200-ден аса фармацевтикалық зауыт жұмыс істейді. Кейінгі 10 айда олар 156 миллиард теңгенің өнімін шығарған, бұл жалпы қажеттіліктің небәрі 15 пайызы ғана. Қалған 85 пайызы шетелден әкелінеді. Негізінен дәрі-дәрмек Еуропа елдерінен, Ресейден, Үндістаннан және АҚШ-тан жеткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети