24 сәуір 2017 13:28

Қазақстанда дәрі-дәрмек айтарлықтай қымбаттаған - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елімізде бір жылда антибиотик бағасы 20 пайызға, ал антисептик - 9 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EnergyProm сарапшыларына сілтеме жасап. 


Елімізде бір жылда антибиотик бағасы 20 пайызға, ал антисептик - 9 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EnergyProm сарапшыларына сілтеме жасап. 

"Дәрі-дәрмекке бөлшек сауда бағасы бір жылда айтарлықтай өскен: мәселен ампициллин 20,7 пайызға, антисептик заттар - тоғыз, дәрумендер - 4,4 пайызға, корвалол - 4,3 пайызға", - делінген зерттеу материалдарында.

Өндіруші аймақтардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысында дәрі-дәрмек бағасы енді жыл соңына дейін өспейді делінеді. ОҚО әкімдігі, ОҚО облысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау департаменті және облыстағы "Даму" фармацевтикалық ұйым арасында осындай меморандумға қол қойылды. Меморандум тізіміне әлеуметтік маңызы бар 150-ден астам дәрілік зат кірген. 

"Дәрі бағасын ұстап тұру бойынша шаралар жалпы Қазақстан бойынша жұргізіліп жатыр. Фармация комитетінің хабарламасы бойынша, 2018 жылдан бастап рецептерді автоматты түрде жазу жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Баға қою жүйесін автоманттандыру мен оны мемлекет тарапынан бақылау жоспарланып отыр. Сонымен бірге, халықты шекті баға туралы есертіп, дәріханаларды қажетті ақпаратты көрінетін жерге орналастыруға міндеттеу де жоспарда бар. Дәрілер бойынша бірыңғай сайт ашылады", - делінген хабарламада. 

Сарапшылардың мәліметі бойынша, негізгі дәрі-дәрмек өндіру былтырдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге артып, 19 миллиард теңге болған. 

Оның ішінде, бұл өндірістің 92,2 пайызы еліміздің үш өңіріне тиесілі: ОҚО - 11,5 миллиард, Алматы облысы - 3,7 миллиард және Алматы - 2,2 миллиард.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети