Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы көтерілуі мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы көтерілуі мүмкін бе? Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға осы жазда дәрі-дәрмек бағасының көтерілу ықтималдығы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға осы жазда дәрі-дәрмек бағасының көтерілу ықтималдығы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр былтыр дәрі-дәрмектің кейбір түрлері үшін баға 14 пайызға өскенін атап өтті. Биыл дәрі-дәрмек бағасын қосымша реттеудің екінші кезеңі жоспарланған.

"Мен қазір айтып отырған реттеудің екінші кезеңі, бұл - 1 767 атау, биылға жоспарланған. Бірақ бірінші жартыжылдықта бұл орындалмады, себебі талдауға кірістік. Қазір бұл талдау халыққа қолайлы болуы үшін жүргізіліп жатыр. Сондықтан бұл препараттарды бөлдік, бағаның көтерілуі қаншалықты сезілетініне байланысты әзірге кейінге қалдырып, оларды реттеу керек деп есептейміз", - деді Ақмарал Әлназарова үкімет брифингінде.

Одан әрі министр дәрі-дәрмек бағасының көтерілу ықтималдығы туралы екіұшты пікір берді.

"Бұл өте маңызды мәселе екенін түсінгендіктен, оны мұқият талдағанымыз дұрыс. Мен баға көтеріледі немесе көтерілмейді деп толық уәде (бере алмаймын - еск.)... Біз әлі талдауды аяқтаған жоқпыз, сондықтан ең дұрыс шешімді қабылдап, оны жүзеге асыруға тырысамыз деп ойлаймын", - деді Әлназарова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети