Қазақстанда дәрі-дәрмектер жаңа ережелер бойынша беріледі

05 Ақпан, 10:26
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда дәрі-дәрмектер жаңа ережелер бойынша беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фармация комитетіндегілердің мәліметінше, осыған дейін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске өзгертулер енгізілгені хабарланған.

"Дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық өнімдерді қолдануға қатысты өзгертулер енгізілді. Дәрі-дәрмектерді этикалық нормаларды сақтай отырып, сату қажет. Оның барлығы денсаулық сақтау саласы заңнамасы талаптарына сай орындалуы тиіс", - делінген Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың хабарламасында.

Осылайша, ведомстводағылар енді дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді жарнамалауға, сондай-ақ, науқастарға өзінің жеке мүддесін қорғау мақсатында белгілі бір дәріханаларға баруға кеңес беруге тыйым салады. Яғни медициналық қызметкерлер дәрілерді халықаралық патенттелмеген атаулармен жазып беруге міндеттеледі. 

Басқаша айтқанда, дәрігер дәрі-дәрмектің атауы емес, химиялық құрамын жазып беруі керек. Мысалы, асқазаны, іші, басы ауырса немесе басқа да симптомдар байқалса, дәрігер белгілі бір химиялық құрамды жазып береді. Кейін науқас кез келген дәріханаға барып, сол құрам кездесетін дәрі-дәрмекті алады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай