Қазақстанда дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынуы мүмкін © Тұрар Қазанғапов

2020 жылы елімізде кез келген дәрі-дәрмек дәрігердің рұқсатынсыз сатылмауы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылы елімізде кез келген дәрі-дәрмек дәрігердің рұқсатынсыз сатылмауы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Дәрігердің рұқсатынсыз сатылып жатқан дәрілерге қатысты мәселе өте күрделі деп айтуға болады. 2020 жылға қарай осы проблеманы шешуді жоспарлап отырмыз. Өкінішке қарай, бізде сатып алушылар өздерінің симптомдарын тізбектеп айтып береді де ондағы сатушы, негізінде медициналық қызметкер де емес, оларға дәрілерді береді. Күшті әсері бар препараттарды да сатып жатады", - деді министр.

Бірақ Біртанов билік өкілдерінің барлық дәріхананы бірден тексере алмайтынын айтып өтті.

"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрі-дәрмектерге шектік баға белгілеу жоспарланып отыр. Норматив базаны қайта қарап, дәріханалардың қызметіне қатысты бақылауды күшейтеміз. Бұл дәрігердің рұқсатынсыз дәрі алуға тыйым салу мәселесіне де қатысты. Дәрі-дәрмектердің көбі рецепт бойынша ғана берілуі тиіс. Өкінішке қарай, қағазда көрсетілген рецепт дұрыс тексерілмейді де. Сондықтан барлығын тәртіпке келтіреміз", - деп уәде берді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети