Қазақстанда дәрілерді сатуға шектеу қойылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дәрілерді сатуға шектеу қойылуы мүмкін Фото: elements.envato.com

Елімізде дәрі сату, оның ішінде парацетамол сатуға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде дәрі сату, оның ішінде парацетамол сатуға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгіннен бастап нарықта парацетамол таблетка түрінде сатылып жатыр. Ол Алматы, елорда және Қарағанды облысындағы дәріханаларда бар және апта соңына дейін барлық аймаққа жеткізіледі... Елімізде парацетамолдың 80-нен астам түрі бар: таблетка, сироп т.б. түрінде тіркелген. Біздің сараптау ұйымымыздың сертификаттауында бұл препараттардың көлемі жеткілікті", - деді Бюрабекова ОКҚ брифингінде.

Журналистер дәрілердің сатылымына шектеу қойыла ма деген сұрақ қойды.

"Бірнеше аймақта, жақын уақытта тағы бірқатары қосылады. Бір адамға 2-3 қаптамадан артық сатпау үшін әкімдіктер мен бөлшек желі қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды. Емделу курсы үшін препараттың осынша мөлшері керек. Одан көп емес. Үйде босқа жатпауы үшін препараттардың пайданалу мерзімі,сақталу шарттары бар", - деді Бюрабекова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети