Қазақстанда ДДСҰ-ның сайты бұғаттан шығарылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ДДСҰ-ның сайты бұғаттан шығарылды

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайты бұғатталған болатын.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен (Сыртқы істер министрлігі) бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесін пысықтады", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Еске салайық, өткен жылы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайтына (ww.who.int) бұл ресурста пайдаланушыларға суицидтің нақты әдістері, тәсілдері мен ұсынымдары ұсынылатындығын дәлелдей отырып қолжетімділік шектелген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course up  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети