Қазақстанда ДДСҰ сайты прокурордың талабынан кейін бұғатталған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: who.int Фото: who.int

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайты прокурордың талабы бойынша бұғатталды. Бұл туралы Digital Paradigm директоры Елжан Қабышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайты прокурордың талабы бойынша бұғатталды. Бұл туралы Digital Paradigm директоры Елжан Қабышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 14 қазанда Талғар ауданы прокурорының талап арызы бойынша Алматы облысы Талғар аудандық соты өзіне қол жұмсау туралы ақпарат таратқаны үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтын бұғаттау туралы шешім шығарды. Алайда олар хабарлама алмаған. Білмеймін, бұл менің ойымша, дұрыс емес", - деді Қабышев Алматыда өткен "Медиа Құрылтайда".

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сайтының Қазақстан аумағында ашылмағаны туралы Facebook-те басқа қазақстандық қолданушылар – денсаулық сақтау және медицина саласындағы сарапшылар да хабарлады.

Сот мұндай процесс шынымен болғанын растады. Оны Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы Н.Б. Сәрсенбаев қараған. Талғар ауданының прокуроры мемлекет мүддесінде арызданған. Сот үкімі 2022 жылдың 14 қазанында шығарылды.

"Осы интернет-ресурстарда пайдаланушыларға өз-өзіне қол жұмсаудың егжей-тегжейлі әдістері, тәсілдері мен ұсыныстары айтылады. Интернеттің азаматтарға, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар мен жастарға қолжетімділігін ескере отырып, бұл ақпарат қолайсыз әлеуметтік жағдайдың қалыптасуына қауіп төндіреді", - делінген сот құжатында.

Дәлелдеу бөлігінде сот шынымен де арызданушы көрсеткен интернет-ресурстарда "адамды өмірден айыру әдістері туралы ақпарат, сондай-ақ суицидтік көңіл күйді насихаттайтын ақпарат бар" делінген.

"Қазақстанда адам және оның өмірі ең жоғары құндылықтардың бірі ретінде танылатынын және интернет-ресурстарда адамды өмірден айыру, оны өз өмірінен қасақана айыруға итермелейтін әдістер туралы ақпарат бар екенін ескере отырып, прокурордың мәлімдемесі қанағаттандыруға жатады", - делінген сот қаулысында.

Шешімнің орындалуы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелген.

Жоғарғы Сот мәлеметінше, шешімге ешкім шағымданбаған және ол заңды күшіне енген.

"Прокурор сайтты жабуды сұраған жоқ, тек суицид туралы жазбаны. Сайт туралы әңгіме болған жоқ. Сондықтан шешімнің қалай орындалғаны басқа мәселе", - деп қосты Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro