04 тамыз 2016 17:05

Қазақстанда декрет төлемдерін рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eumom.ie © eumom.ie

Қазақстанда декрет төлемдерін рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда декрет төлемдерін рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жүктілік бойынша әлеуметтік төлемақыларды алуға қажетті құжаттардың саны азайтылды. Мысалы, әйелдер әлеуметтік төлемақы алуға өтініш жазғанда, оларға енді жұмыс орнынан соңғы 12 айда алған табысы жайлы анықтаманы көрсетпей-ақ қоюға болады. Тек жеке куәлігі, еңбекке жарамсыздық парағы мен банк шотын көрсетсе болады. Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелген әйелдер бизнесінің тіркелгені жайлы анықтама мен салық тексерісінің актілерін көрсетуі қажет екен.

"Осыған дейін мемлекеттік корпорациялардың қызметкерлері әлеуметтік төлемақыларды салыстырып отырды. Яғни, ақпараттық жүйеге расында аударылған сомаларды жұмыс орнынан әкелінген анықтамалармен салыстырды. Егер де құжаттардағы сомалар сәйкес келмесе, олар нақтылау мақсатында құжатты өтініш берушіге қайтарып береді", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация директорының орынбасары Серікжан Сабыржанов.

"Мысалы, әйел 12 ай бойы 95 мың айлықпен бір ұйымда жұмыс істеді. 126 күнге арналған еңбекке жарамсыздық қағазында еңбекке жарамсыз күндердің коэффициенті 4,2-ге тең болады. Яғни, жүктілік кезінде және босанғанда зейнетақы төлемдерін алып тастамаған жағдайда бір жолғы төлем 399 мың теңгені құрайды", - деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның өкілдері.

Айта кетейік, жәрдемақы мен зейнетақы мәселелеріне қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса ,1411 номеріне (тегін) хабарласа аласыз.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жылдың басынан бері мемлекеттік корпорация арқылы жүктілікке байланысты табыстан айырылу жағдайына 97,5 мыңнан аса әлеуметтік төлемақы бөлінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети