Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына әсерін сақтайды. Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыс пен батыстан фронталь бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

"Оңтүстік өңірлерде құмды дауылмен жел күшейеді. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта - 23...35 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыста - 28...39 градус, шығыста - 17 ... 28 градус болады. Елдің батысында әлі де ыстық ауа райы сақталады және сынап бағанасы 33 ... 41 градусты көрсетеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.82  course down  595.31  course up  6.59  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети