Қазақстанда 21-23 маусым аралығында күн ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қазақстанда 21-23 маусым аралығында күн ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
"Ираннан жеткен құрғақ, әрі ыстық ауа температураны айтарлықтай көтеріп жібереді. Күндізгі уақытта температура орталықта +32-39 градусқа дейін жоғарылайтын болса, ал оңтүстік пен батыс аймақтарда тіпті 40-43 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Алайда еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығыс облыстарының кейбір бөлігінде өткінші жауын жауып, ол аймақтардағы температура + 25-тен 33 градусқа дейін көтеріледі", - деп көрсетілген мәліметте.
Синоптиктер Қазақстандағы биылғы ауа райы әдетте осы мерзім аралығында тіркелетін температурадан 2-ден 7 градусқа дейін жоғары болады деп болжап отыр.
Еске саламыз, елімізде өткен демалыс күндері де күн ыстық болған. Ол уақытта еліміздің батыс облыстарына ыстық циклон еніп, артынан солтүстік-шығыс бағытқа беттеген еді. Ыстық ауаның ықпалынан республика аумағында түнгі ауа температурасы + 13 градустан төмендемеген болса, ал күндізгі уақытта + 28-35, ал кей аймақта тіпті 41 градусқа дейін ысып кеткен болатын.