Қазақстанда денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 394 қаулысымен Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №22-ЖК бұйрығына сәйкес бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған Арғындықов Дәулет Рашидұлы "Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Президенті болып тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.