Қазақстанда депозит мөлшерлемесі өсті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда депозит мөлшерлемесі өсті Фото Tengrinews.kz/Алихан Сәриев

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың ақпан және наурыз айлары үшін қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді.

"Сонымен қатар, теңгелік ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды", - делінген хабарламада.

Өзгерістер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап, банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети