Қазақстанда дипломдар мен аттестаттар QR-код арқылы беріледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дипломдар мен аттестаттар QR-код арқылы беріледі Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда аттестаттар мен дипломдар QR-код арқылы берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда аттестаттар мен дипломдар QR-код арқылы берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министр білім беру үдерісін цифрландыру аясында арнайы жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Аттестаттар мен дипломдар QR-код арқылы цифрлық форматта беріледі. Әрбір студенттің жеке цифрлық профилі болады. Ең танымал қызметтер eGov арқылы көрсетіледі. Колледждерде білім беру бағдарламаларының бірыңғай тізілімін жасаймыз, сонымен қатар студенттік профильдер және QR-код генерациясы арқылы цифрлық дипломдар беріледі. Яғни, барлық сұранысқа ие қызметтер eGov және ірі банктердің мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі", - деді министр.

Сонымен қатар, министр әр мұғалімнің цифрлық портфолиосы болатынын, онда аттестация, жұмысқа орналасу, конкурстарға қатысу туралы ақпарат болатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети