Қазақстанда дизель отынын сату үшін клиенттің деректері тексеріледі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дизель отынын сату үшін клиенттің деректері тексеріледі Фото:elements.envato.com

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде дизель отынын тұтынушылардың мәліметтерін тексеру жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде дизель отынын тұтынушылардың мәліметтерін тексеру жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, техникалық мәселелерді шешу жолында жұмыс істеп жатыр. Алда дизель отынын тұтынатындардың деректері тіркелетін болады. Бұл жанармайдың осы түрін жергілікті жерде тарату кезінде мүмкін болатын айла-амалдарды болдырмайды. Қыркүйектің ортасында біз бұл модульді барлық жанар-жағармай құю станциялары желілері үшін іске қосамыз", - деді Ақшолақов.

Энергетика министрлігінің басшысы 2022 жылдың тамызында транзиттік вагондардың арзан қазақстандық дизель отынын тұтынуын азайту мақсатында жедел түрде бұйрық қабылданғанын, оған сәйкес дизель отынының шекті бағасы 450 теңге болғанын атап өтті.

"Жүргізуші құжаттарын көрсеткеннен кейін аймаққа байланысты литріне 230-260 теңге көлемінде жанармай құюға құқылы. Жеке көліктер күніне 100 литр дизельді литрін 230-260 теңгеден құйса, жүк көліктері үшін тасымалдау шегі тәулігіне 300 литр", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети