Қазақстанда дизель отынына шекті бағалар қандай болуы мүмкін?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Энергетика министрі бұйрығының жобасы жарияланды. Онда дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралау қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі бұйрығының жобасы жарияланды. Онда дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралау қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында дизель отыны бағасы мынадай мөлшерде белгіленген:

  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литрге 260 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литрге 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литрге 230 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литрге 230 теңге;

Белгіленген көлемнен жоғары немесе сатудың өзге де жағдайлары үшін - 1 литрге 450 теңге.

Құжатты қоғамдық талқылау 2022 жылдың 18 тамызына дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрлігі дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Бұл туралы энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов мәлімдеген еді.

Дизель отынына қатысты жаңа тарифтер: министр өзгерістерді түсіндірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro