08 қараша 2017 12:09

Қазақстанда дизель отынының жетіспеушілігі болуы мүмкін - Энергетика министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© jasqazaq.kz © jasqazaq.kz

Қазақстанда дизель отынының жетіспеушілігі болуы мүмкін. Энергетика министрлігінің хабарламасында осылай делінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда дизель отынының жетіспеушілігі болуы мүмкін. Энергетика министрлігінің хабарламасында осылай делінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

7 қарашада энергетика министрі Қанат Бозымбаев жиналыс өткізген болатын. Онда Қазақстандағы үш МӨЗ-дің жөндеу жұмыстары талқыланған еді. 

"ПМӨЗ бас директоры Шухрат Данбайдың ақпараты бойынша, 10 қарашада Еуро-4 және Еуро-5 жоғары сапалы бензинін үлкен көлемде өндіруге арналған жаңа құрылғы сынақтан өтікізіледі. Дегенмен зауытта дизель отынын өндіруге арналған сутегін өндіретін құрылғы істен шығып отыр. Ал оны жөндеу желтоқсанның ортасына дейін барады. Осыған байланысты дизель отынының жетіспеушілігі туындауы мүмкін", - дейді министрлік өкілдері. 

Бұл жағдайға байланысты Қанат Бозымбаев зауыт директорына қатаң сөгіс айтты. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басшысы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, компания бұл мәселені ресейлік жанармайды сатып алып, өзіне шығын келсе де шешу керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети