Қазақстанда діни ахуал картасын жасау ұсынылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске 270 миллиард теңге бөлінгенін, бірақ қаңтар оқиғасына қарағанда, бағдарлама нәтиже бермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске 270 миллиард теңге бөлінгенін, бірақ қаңтар оқиғасына қарағанда, бағдарлама нәтиже бермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтарда бейбіт шеруден басталған оқиғаларда діни радикалдар мен қылмыстық топтар халықтың наразылығын өз мақсаты үшін пайдаланды, бұл елдің тыныштығын бұзатын үлкен қақтығысқа әкелді. (...) Діни ағым мүшелері жат идеологияны тарату, жастардың санасын улау, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі діні мен әдет-ғұрпына күмән туғызумен айналысты", - деді депутат премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Ол террорға қарсы орталық бастығының орынбасары, ҰҚК полковнигі Сергей Швейкиннің Қазақстандағы деструктив ағымдарды ұстанушылар саны 20 мыңнан асады деген сөзін келтірді.

"Неге олардың саны артып келеді? Елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бес жыл ішінде мемлекеттік бюджеттен 270 миллиард теңге бөлінді, бірақ олардың тек 4 пайызы ғана алдын алу іс-шараларына жұмсалды. Бұл бағдарлама тиісті нәтиже бермегенін қайғылы қаңтар оқиғалары куәландырады және осы салаға жауапты уәкілетті органдар бұл мәселеге әлі де баға берген жоқ", - деді сенатор.

Мәселені шешу үшін ұсынылды:

  • діни ахуалды терең зерделеу және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын дайындау;
  • аймақтар контексінде Қазақстандағы діни ахуал картасын әзірлеу;
  • дін саласында зерттеулер, мониторинг және сараптама жүргізетін республикалық зерттеу орталығын құру, оны тиісті білімі бар кәсіби, білікті мамандармен жасақтау;
  • әдістемелік, ақпараттық, қаржылық қолдау көрсете отырып, өңірлердегі ғылыми-зерттеу топтарының ақпараттық насихат қызметін жетілдіру және күшейту.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro