Қазақстанда докторантураға құжат қабылдау басталды: не білу керек?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда докторантураға құжат қабылдау басталды: не білу керек? Фото:depositphotos.com

3 шілдеден 3 тамызға дейінгі аралықта докторантураға құжаттар қабылданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 шілдеден 3 тамызға дейінгі аралықта докторантураға құжаттар қабылданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өтініш беру кезінде тек тестілеу орнын (қаласын) таңдауға болады. Ал тест тапсыру күні, уақыты және орны (мекенжайы) туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинетіңіздің "Менің іс-әрекетім" бөлімінде жарияланады.

Айта кетейік, өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі. ДТЕ-ға қатысу құны 21 072 теңге тұрады.

  • TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тест тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда жеке кабинетіңізде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңге тұрады;
  • Міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
  • Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;
  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл - 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасында шекті балл - 50 балл.

Докторантураға түсу емтиханына өтініштер www.app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети