Қазақстанда доллар 6 теңгеге қымбаттады

Қазақстанда доллар 6 теңгеге қымбаттады Фото:depositphotos.com

14 мамырда Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы біраз қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

14 мамырда Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы біраз қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 474,04 теңге, ол 6,18 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банктің 14 мамырға арналған ресми бағамы 467,63 теңгені құрайды.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

Жарнама
Жарнама
  • сатып алу – 473,01 теңге;
  • сату – 475,48 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – орта есеппен 469,50 теңге;
  • сату – 476,50 теңге.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Кейінірек реттеуші басшысы Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің жақын болашақта базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама