Қазақстанда доллар бағамы 2 теңгеге өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда доллар бағамы 2 теңгеге өсті Фото:depositphotos.com

Қазақстанда доллардың 18 қарашадағы бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда доллардың 18 қарашадағы бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 497,89 теңге болып, 1,88 теңгеге өсті. Айта кетейік, доллардың 18 қарашадағы бағамы - 495,95 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 498,18 теңге, ал сату бағамы 500,05 теңге болады. Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде америкалық валютаны орта есеппен 496,95 теңгеден сатып алып, 500,98 теңгеден сатып жатыр.

Еске салсақ, 15 қарашада сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 495,95 теңге болып, 1,91 теңгеге өскен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети