06 қыркүйек 2024 | 15:49

Қазақстанда доллар бағамы 2 теңгеге төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда доллардың 6 қыркүйектегі бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда доллардың 6 қыркүйектегі бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,20 теңгеге төмендеп, 480,55 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 6 қыркүйектегі ресми бағамы - 482,94 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 479,95 теңгеге, сатылымы 482,04 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 479,04 теңгеден сатып алынып, 483,04 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 5 қыркүйекте KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,54 теңгеге төмендеп, 483,94 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети