Қазақстанда доллар бағамы өсті: үкіметте болжам айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда доллар бағамы өсті: үкіметте болжам айтылды Фото:depositphotos.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы доллар бағамына қатысты болжамды бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы доллар бағамына қатысты болжамды бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, болашақта доллар бағамы төмендеуі мүмкін.

"Айталық, мен және әріптестерімнің болжамы бойынша, доллар бағамы кері кетеді. Ол жоғары болмайды. Бұған дейін де мұндай жағдайларды талай рет көрдік, бағам тұрақтанған. Ұлттық банк бұл үшін бар күшін салады деп ойлаймын және нарық та өз ретімен жұмыс істейді", – деді ол.

Сондай-ақ, Скляр Ұлттық банк мемлекеттік органдар жүйесінде дербес құрылым екенін және үкіметке бағынбайтынын еске салды.

"Ұлттық банк – мемлекеттік билік органдары иерархиясындағы жеке құрылым екенін де түсіну керек. Ол Үкіметке бағынбайды. Олар өздерінің қажет деп есептейтін ақша-кредит саясатын жүргізеді. Бұл дұрыс па, жоқ па, ұзақ даулауға болады, бірақ бұл талқыланатын мәселе", - деп қосты премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 550 теңгеден асты. Кейін Ұлттық банк валюталық интервенцияларды бастағанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети