Қазақстанда доллардың 8 қаңтардағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 508,91 теңге болып, 3,19 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 қаңтарға белгілеген ресми бағамы - 512,83 теңге.
kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей:
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - 512,39 теңге;
- сату - 515,60 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу - орта есеппен 509,00 теңге;
- сату - 516,00 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!