Қазақстанда доллар күрт арзандады

Қазақстанда доллар күрт арзандады Фото:depositphotos.com

Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,45 теңгеге төмендеп, 468,88 теңге болды. Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы - 477,11 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы

Жарнама
Жарнама
  • сатып алу – 469,35 теңге;
  • сату – 472,44 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы

  • сатып алу – орта есеппен 468,03 теңге;
  • сату – 475,03 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 5,1 пайызға нығайғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұған мына факторлар ықпал етті:

  • қалыпты қатаң ақша-несие саясаты,
  • бейрезиденттердің Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына деген жоғары сұранысы,
  • үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияны төмендету жөніндегі бірлескен шаралары,
  • қолайлы сыртқы конъюнктура.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама