01 қараша 2016 16:51

Қазақстанда допинг қолданғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі допинг қолданғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі допинг қолданғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазір парламентте дене шынықтыру бойынша заңға өзгеріс енгізгіміз келеді. Допинг қолданудың жазасын қылмыстық жауапкершілікпен байланыстырсақ дейміз. Жаза спортшыға, бапкерге, дәрігерге, осы препараттарды жеткізген адамдарға қарастырылады. Өздеріңіз түсініп отырсыздар, жарияланған препараттар өте қауіпті. WADA 10 мыңға жуық препаратты жария етті, оны спортшылардың қолдануына тыйым салынған. Сондықтан спортшының айналасындағы адамдар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сот кімді айыпты деп таныса, сол жазаланады", - деді Сәкен Мұсайбеков.

Оның айтуынша, Қазақстанда бұл өзгерістер Италия мен Германияның тәжірибесі арқылы енгізілмек екен.

"Бұл елдерде жазалау мерзімі өте көп - 10 жылға дейін бар. 10 жылды спортшыларға осындай препараттарды жеткізіп беретіндерге, ал бес жыл жазаны спортшыға тыйым салынған затты берген адамға, ал спортшының өзіне 1 жылдан 2 жылға дейін жаза тағайындалады немесе қыруар сомада айыппұл төлетеді. Сегіз жыл өтсе де, біз ешқандай да тергеу жүргізе алмай жатырмыз, барлық допинг-сынамалар WADA-ның Лозаннадағы зертханасында сақталады. ХОК-тың ережесі бойынша, Олимпиада ойындарында алынған допинг сынамалары 10 жыл сақталады және оны бізге айтпай-ақ, өздері қалаған уақытта аша алады", - деді ол.

Осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті әлемнің 77 спортшысын Олимпиада медалінен айырған болатын. Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика комитеті 2008 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Таймураз Тигиевтің медалін қайтару туралы шешім қабылдаған. Зілтеміршілер Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зүлфия Чиншанло 2012 жылғы Олимпиаданың алтын медальдарынан айырылған. Барлық спортшының қанынан биыл тыйым салынған заттар табылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети