03 ақпан 2020 | 13:44

Қазақстанда ЕАЭО елдерінен келген автокөліктерді пайдалану ережесі бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Үкімет Қазақстанда ЕАЭО елдерінен келген автокөліктерді пайдалану ережесін бекітті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Үкімет Қазақстанда ЕАЭО елдерінен келген автокөліктерді пайдалану ережесін бекітті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №25 Қаулысы 3 ақпанда Үкімет сайтында жарияланды. 

Онда Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылғы 1 наурызға дейін енгізуі керектігі айтылады. 

Сонымен қатар, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 2020 жылғы 1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен шара қолдану тапсырылған:

1) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламентінің (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімі) талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдарын тіркеу;

2) көрсетілген санаттағы автокөлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің жарамдылық мерзімін 2021 жылғы 1 наурызға дейін белгілеу;

3) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген көлік құралдарын тіркеу жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберу бойынша шаралар қабылдасын.

"Қазақстан Республикасының Қаржы, Ішкі істер, Әділет, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын", - делінген Қаулыда.

Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети