Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады Фото: shutterstock.com

Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Жастар ипотекасы алғаш рет Павлодар облысында ("Ертіс жастары") және Ақсу моноқаласында іске қосылады. Өңірлер несие беретін "Отбасы банкпен" келісімге қол қойды. Ипотекаға қаражатты әкімдіктер мен банк бірлесіп бөледі.

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Қарыз алушының жасы (қоса алғанда) 35 жасқа дейін. Соңғы 5 жылда жылжымайтын мүліктің болмауы. Ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде 6–12 ай (аймаққа байланысты). Ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады. Жастарды жұмыспен қамту саласында шектеулер бар.

Ипотека шарттары

Пайыздық мөлшерлемесі — жылдық 5 пайыздан (ГЭСВ - 5,2 пайыздан). Бастапқы жарна - 10 пайыз. Қарыздың ең жоғары сомасы — өңірге байланысты 10-нан 20 миллион теңгеге дейін. Егер таңдалған тұрғын үй қымбатырақ болса, онда қарыз алушы қалған соманы өз қаражатынан төлеуі керек. Несие мерзімі - 19 жылға дейін.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен қатысушыларға қойылатын нақты талаптар туралы облыс әкімдіктері қосымша хабарлайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети