Қазақстанда екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Кейінгі екі жылда Қазақстан картасынан 80 ауыл жойылып кетті. Бұл туралы Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі екі жылда Қазақстан картасынан 80 ауыл жойылып кетті. Бұл туралы Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты ресми деректерге сүйене отырып, былтырғы 1 қазанға қарай Қазақстан халқының 37,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрғылықты тұрғанын айтты.

"Жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бүгінде Қазақстанда 6208 ауыл бар, ал 2023 жылы олардың саны 6286 болған. Осылайша, бар болғаны екі жыл ішінде 80 ауыл жойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр қазақстандық ауылдардағы көші-қон сальдосы минус 111 400 адам болған", – деді Дайрабаев.

Депутаттың айтуынша, бұл – соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

"Алматы және Атырау облыстарын қоспағанда, барлық өңірде көші-қон сальдосы нөлден төмен болды. Әсіресе, Түркістан облысындағы жағдай алаңдаушылық тудырады, бұл өңірден 29,2 мың адам көшіп кеткен", – деді мәжілісмен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети