Қазақстанда екі колония жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда екі колония жабылады © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда екі колония жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда екі колония жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен сотталғандарды тиісінше қалыпты жағдайда ұстау үшін жыл соңына дейін қылмыстық-атқару жүйесінің 2 мекемесін жабу жоспарланған. Олар - Қостанай облысы Құсмұрын кентінде орналасқан УК-161/4 және Шығыс Қазақстанда Шуақ кентіндегі ОВ-156/17 мекемелері.

"Соңғы он жылда Қазақстандағы жазаларды орындау мекемелеріндегі сотталғандардың саны 2 есеге азайған. Осыған байланысты, бірнеше жыл қатарынан тозығы жеткен, барлық жағынан ескірген колонияларды жабу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мәселен, өткен жылы біз осындай 4 мекемені жаптық.

Оңтайландыру кезінде назарға алынатын тағы бір мәселе, ол - облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан мекемелерді жабу. Себебі, сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етумен қатар, қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде белгілі қиындықтар туындайды. Үнемделген қаржы өзге пенитенциарлық мекемелердің материалдық-техникалық жүйесін жақсартуға бөлінетін болады", - дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.

Комитет мәліметінше, жабылып жатқан колониялардың қызметкерлері қызметін қылмыстық-атқару жүйесінің өзге бөліністерінде жалғастыратын болады. Ал жазасын өтеп жатқан адамдар кезең-кезеңімен коммуналды-тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсы қауіпсіздігі (режим түрі) ұқсас жақын жерлердегі мекемелерге ауыстырылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети