22 қараша 2022 10:09

Қазақстанда экспорттың рекорд көлемі тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан экспортының рекорд көлемі туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан экспортының рекорд көлемі туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 98,4 миллиард доллар болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда (72,9 миллиард) 35 пайызға артық.

Экспорттың номинал көлемі 63,8 миллиард доллар болған, бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда (43,3 миллиард доллар) 47,5 пайызға артық.

Экономикалық зерттеулер институтының есептеулері бойынша, Қазақстан экспортының нақты өсімі шамамен 2,8-3 пайыз. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6 пайызға, экспорттық түсім 63,4 пайызға өскен.

Елдер бойынша экспорт өсімі:

  • Италияға – 84 пайызға, 11,2 миллиард долларға дейін;
  • Қытайға – 43 пайызға, 10,3 миллиард долларға дейін;
  • Ресейге – 15 пайызға, 5,9 миллиард долларға дейін;
  • Нидерландыға – 24 пайызға, 4,1 миллиард долларға дейін;
  • Кореяға – 2,9 есеге, 3,6 миллиард долларға дейін;
  • Түркияға – 71 пайызға, 3,6 миллиард долларға дейін;
  • Өзбекстанға – 36 пайызға, 2,6 миллиард долларға дейін.

2022 жылдың 9 айында Қазақстан экспортының құны 63,8 миллиард доллар болды, бұл кейінгі 7 жылдағы жылдық жеткізілім көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет 2014 жылы 79,5 миллиард доллар көп болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети