Қазақстанда электр энергиясы айтарлықтай қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда электр энергиясы айтарлықтай қымбаттады © pixabay.com

2020 жылдың желтоқсанында электр энергиясы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылдың желтоқсанында электр энергиясы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайынғы өсім Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына көбірек сезілді. Ал Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тарифтер өзгермеді.

2020 жылы елде сағатына 107,9 миллиард киловатт электр энергиясы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға көп. Ал электр қуатын тұтыну екі пайызға артты, бұл - сағатына 107,1 миллиард киловатт.

Электр энергиясы Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек шығарылса, тұтыну көлемі бойынша Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары алда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети