Қазақстанда электр энергиясын қымбаттату жоспарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда электр энергиясын қымбаттату жоспарланды Фото: elements.envato.com

Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Онда тарифтерді 2021 жылдан бастап көтеру ұсынылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Онда тарифтерді 2021 жылдан бастап көтеру ұсынылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 2020-2025 жылдар аралығында тариф бірдей болған. Ал ұсынылған кестедегі тарифтер мынадай:

Ақпарат бойынша, министрлікке 37 энергия өндіруші ұйымнан (ЭӨҰ) шекті тарифтерді арттыруға өтінім түскен. 

Құжаттағы ЭӨҰ шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:

  • жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп келе жатқан үстемеақы;
  • курстық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың ұлғаюы (қазандық-турбиналық, сорғы, күл ұстағыш);
  • бағамдық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге (қазандық-турбина, сорғы, күл ұстағыш жабдықтар және т. б.);
  • "Богатырь Көмір" ЖШС көмір құнының өсуі.

"Құжат бекітілген уақыттан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап электр энергиясына шекті тарифтер өзгереді", - делінген бұйрық жобасында.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, ол 25 наурызға дейін талқыланады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети